«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында сынып сағаты
19.09.202219 қыркүйекте мектебімізде «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында сынып сағаты өтті. Аталған іс-шараның мақсаты – оқушылардың мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын ұғындыру, олардың бойында отансүйгіштік пен өз еліне деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздер туралы ой-өрісін кеңейту. Балалар сынып жетекшілерімен әңгімелесуге белсенді қатысты. Викторинаның барлық сұрақтарына дұрыс жауап берді. Соңында әр оқушы өз Отанына тілек сөздерін жазып оны орындалады деген үмітпен плакатқа ілді.

Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
