Ауған соғысының ардагері Сәбит Ақпаевтың қатысуымен «Ерлік сабағы»

19.09.2022

15 қыркүйек күні мектебімізде Ауған соғысының ардагері Сәбит Ақпаевтың қатысуымен «Ерлік сабағы» өтті. Кездесу қалалық «Жас сарбаз» жастар әскери-патриоттық қозғалысының көмегімен ұйымдастырылды. Оқушылармен кездесуге «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ, Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Налшыбек Асхат Бағдатұлы келді. Кездесу жылы және достық атмосферада өтті. Балалар ардагер Сәбит мырзаға сұрақтарын қойып, «борыш», «құрмет», «ерлік», «патриотизм» сияқты ұғымдар туралы толық жауаптар алды. Қонақтар үшін музыка мұғалімдері музыкалық ән-шашуларын тарту етті.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено