«Қазақстан халқы тілдері күні»

16.09.2022

       Алаш көсемі, ұлт ұстазы  Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы еліміздің түкпір-түкпірінде кең көлемде аталып өтуде. Мұндай шарадан Нұр-Сұлтан қаласы №1 мектеп-лицейі де тыс қалмады. 09 қыркүйек күні бекітілген жоспар бойынша «5 қыркүйек – «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесінің салтанатты  ашылуы  болды. Биылғы тілдер күні мерекесі ұлт ұстазының мерейтойына арналды.
«Тіл білімінің атасы» атты апталықтың мақсаты - оқушылардың өлең оқып, ана тілі туралы ән айтуға баулу, тіл туралы мағлұматтармен бөлісу, ғұлама  ғалымның  шығармаларын кеңінен насихаттау, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Іс-шараның ашылуы  барысында
     6 сынып оқушылары Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін жатқа оқыса, 9 сынып оқушылары репрессия құрбаны болған Ахмет Байтұрсынұлының тағдырынан сахналық көрініс қойып, күй тартып, ән айтып, кештің сәнін келтірді.

   

   



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено