«Нұр-Сұлтан қаласы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицей» КММ бос жұмыс орындарға конкурс жариялайды
16.08.2022- Әлеуметтік педагог
- Математика пәнінің мұғалімі
- Химия пәнінің мұғалімі
- Көркем еңбек пәнінің мұғалімі (қыздарға)
- Физика пәнінің мұғалімі
- Тарих пәнінің мұғалімі (уақытша, декрет демалысындағы мұғалімнің орнына)
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 17 – 25 тамыз аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады.
Конкурстың өту орны:
Нұр-Сұлтан қаласы
«Алматы» ауданы
Ж.Жирентаев көшесі, 15/2
«Нұр-Сұлтан қаласы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицей» КММ
Анықтама үшін байланыс телефондар:
50-16-56, 5016-57 (қабылдау бөлімі)
Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар:
«Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына сәйкес қойылады.
Талап етілетін құжаттар:
- «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерінлауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген (бар болса);
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (075 форма).
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
- 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено