Бос орындар жәрмеңкесі
10.08.2022Нұр-Сұлтан қаласы «№55 орта мектеп» ШЖҚ МКК педагог қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға 11-18 тамыз аралығында конкурс жариялайды:
- орыс сыныптарындағы математика пәнінің мұғалімі - 1 (жүктемесі - 16 сағат)
- орыс сыныптарындағы тарих пәнінің мұғалімі – 1 (жүктемесі – 16 сағат)
- орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – 1 (жүктемесі – 16 сағат)
- орыс сыныптарындағы информатика пәнінің мұғалімі – 1 (жүктемесі – 16 сағат)
- орыс сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі – 1 (жүктемесі – 16 сағат)
- кітапханашы – 1 (1 ставка)
Конкурстың өткізілу күні:19 тамыз, сағат 10:00
Конкурстың өткізілу орны: №55 орта мектеп, 219 кабинет
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білімінің болуы
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) 086-У нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан және наркологиялық ұйымнан анықтама;
8) соттылықтың болмауы туралы анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)
10) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат өзінің кәсіби жетістіктерін, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады.
Байланыс нөмерлері: 87472621434
Жұмыс телефоны: 87172501523
Мекен жайы: Жаһанша Досмухамедулы көшесі, 2 үй
Почта мекен-жайы: shkola55@bk.ru
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено