"Тәтті" жазғы лагері 6-күн

08.06.2022

«Тәтті» жазғы лагерінің балалары 8-маусымда таңғы жаттығудан соң "Атамекен" этно-мемориалдық музейге барды. Қазақстандағы барлық көрнекті орындардың кішірейтілген нұсқалары осы кешенде орналасқан. Кешеннің атауы да ата-бабамыз мекен еткен асыл жер деген ұғыммен аттасып жатыр. Екі бірдей футбол алаңының аумағын алып жатқан кешенде Қазақстандағы ең көрнекті деген 200-ден астам сәулет нысандары мен тарихи ескерткіштер, ормандар, таулар мен төбелер кескінделген. "Атамекен" кешенінің барлық мақсат – мүддесі қазақ мәдениетінің жауһарларын сақтап, қоғамға танытуға бағытталған. Қазақстанның бедерлі картасында ареналы форум аймағы жасақталған. Мұнда көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады. Қызықты да танымды демалыс өткізу мақсатында балалар "Атамекенге" саяхат жасады.
Тіл үйірмелері «Қазақ тілім –құтты білім!» , «Ағылшынша сөйлейік!», «Музыкалық әуенді тап!» сабағы ойын түрінде ұйымдастырылды. «Бекеттерге тоқтау» ойынын оқушылар сурет салып , ағылшынша сөйлеп, музыкалық әуендерді тауып айтып қызықты жұмбақтар шешті.
Топтар арасында «Жас фоторедактор» сайысы ұйымдастырылды. Әр топ суретке әсерлі түсудің бірнеше үлгілерін тапсырды. Ең керемет жұмыстар мақтау қағазымен марапатталды.
Бүгінгі күн балақайлар үшін өте қызықты өтті. «Атамекен" этно-мемориалдық музейге саяхат балалар үшін өте әсерлі болды. «Жас фоторедактор» атанып барлықтары рамка ішіне фотаға түсіп тарасты.

Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено