Балаларды 1 сыныпқы қабылдау 31 шілде күні аяқталады!

06.07.2022

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
 
Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!

1 сәуірден бастап балаларды 1 сыныпқа қабылдау жүргізіліп жатқаны белгілі.

Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдаудың аяқталуына да санаулы күндер қалды.

Яғни, 31 шілде құжат тапсырудың соңғы күні.

Сол себепті де, асығуларыңызды сұраймыз.

🔺1 сыныпқа құжаттарды электронды түрде, eGOV.kz порталы арқылы тапсыруға болады.

🔺1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады.

🔺Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.

🔺Қандай құжаттар қажет?

• Ата-ананың өтініші (электронды түрде беріледі)
• Туу туралы куәлік (электронды түрде беріледі)
• Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
• Егу паспорты (065/у нысаны)
• Баланың суреті (3*4 өлшемді)

📞Қосымша сұрақтарыңыз болса, 55 68 70, 55 68 81, 55 68 87, 55 74 62 нөмірлеріне хабарласуларыңызға болады.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено