Дебат Турниры

12.04.2022

2022 жылдың 09 сәуір күні, №15 мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейіндегі «Ақиқат» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің ауыспалы кубогы үшін Нұр-Сұлтан қаласының мектеп оқушылары арасында қалалық пікірсайыс турнирі өтті.
Пікір-сайыстың мақсаты: Жасөспірімдерді Отан сүйгіштікке, ұйымшылдыққа, инабаттылыққа, елжандылыққа, алған білімдері шыңдауға, ой-өрістерін дамытуға, сыйластыққа тәрбиелеу. Көктемгі дебаттық пікір-сайысы «Еліміздің экономикасы» тақырыбында өткізілді. Пікір-сайысқа Нұр-Сұлтан қаласының 54 мектептен - қазақ, орыс лигаларының командалары қатысты. Дебат турнирін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапхананың директоры Б. Калипова ашты. Қатысушыларға сәттілік тіледі, ал №15 мектеп-лицей оқушылары ән айтып, флешмоф биледі. Пікір-сайысқа Гумилева атындағы Евразия Университетінің, С. Сейфуллин атындағы Аграрлық Университетінің және Қазақстандық Заңгер мемлекеттік университетінің студенттері төрешілік міндетін атқарды. Пікір-сайыс 4 кезеңнен тұрды. Турнир Британдық парламенттік форматта жүзеге асырылады.





ссылка на видео





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено