12 сәуір Ғылым күні аясында іс-шаралар өткізілді

08.04.2022

12-сәуір Ғылым күнінің апталығы аясында математика пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Білімдіден шыққан сөз – талаптыға болсын кез» атты еліміздегі үздік ЖОО-Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ғалымдары мен 11-сынып оқушыларының арасында кездесу өткізілді.
Кешке механика-математика факультетінің оқытушылары қонақ ретінде шақырылды: 1.Наурызбаев Руслан Жумабаевич – математика бағыты бойынша философия докторы, Алгебра және геометрия кафедрасының меңгерушісі
2. Сарсекеев Абдрахман Сапарович – педагогика ғылымдарының кандидаты, Алгебра және геометрия кафедрасының аға оқытушысы
3. Тлеулесова Ағила Балтабаевна – физика – математика ғылымдарының кандидаты, іргелі математика кафедрасының меңгерушісі
4.Сулейменов Кенесары Машимович – математикалық және комптютерлік модельдеу кафедрасының доценті, физика – математика ғылымдарының кандидаты
5. Нуртазина Қарлығаш Бекеновна - Математикалық және комптютерлік модельдеу кафедрасының доценті, физика – математика ғылымдарының кандидаты
Кеш барысында оқытушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді, математика ғылымының қазіргі замандағы маңызды рөлі туралы сөз қозғады.






Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено