«Мұқағали әлемі» шығармашылық орталығының ашылу салтанаты
11.03.2022 ҚР Үкіметтің № 669 қаулысына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 74 мектеп-гимназиясына Мұқағали Мақатаевтың есімі берілді.
Бүгінгі ашылып отырған «Мұқағали әлемі» шығармашылық орталығының негізгі мақсаты - ғасыр ақыны Мұқағалидың жырларын насихаттау, дәріптеу арқылы әрбір оқушыны Отанын сүюге, елін сүюге тәрбиелеу арқылы қазақ поэзиясының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына қызығушылығын арттыру, парасатты, адами қасиеті жоғары, жан-жақты дамыған, шабыты оянған тұлғаны қалыптастыру.
Орталықтың ерекшелігі-заманауи технология мүмкіндіктерін пайдалану.
QR және AR қосымшалары арқылы мұзбалақ ақынның жанды дауысы ести отырып, бейнесін де көруге болады.
Ұстаздар, ата-аналар, оқушылар көптеген ақынның өлеңдері мен сазгерлер жазған әндерін гаджет құрылғылары арқылы тамашалай алады.Сонымен бірге мәжіліс депутаттары мен ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері қатысты.

.jpeg)


.jpeg)

Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
