Нұр-Сұлтан қаласында 1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа баратын балалардың құжаттарын қабылдау басталады.
31.03.2022Нұр-Сұлтан қаласында 1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа баратын балалардың құжаттарын қабылдау басталады.
⠀
Қала мектептері биыл 6 жасқа толатын балаларды қабылдайды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.
⠀
1 қыркүйектегі жағдай бойынша толық 6 жасқа толған балалардың барлығы қабылданады. Ал биыл 1 қыркүйектен кейін 6 жасқа толған балалар ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің қалауы бойынша ғана қабылданады.
⠀
Мектепке құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды түрде беріледі.
⠀
Қабылдау ережелері бойынша 1-сыныпқа алдымен мектепке аумақтық қызмет көрсету бойынша өтініш берген үш үміткер қабылданады (тіркелген жері бойынша), содан кейін басқа аумақтан бір бала қабылданады.
⠀
Білім беру ұйымының құжаттарды қабылдау кезінде тізбеде көрсетілмеген құжаттарды талап етуге құқығы жоқ (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы).
⠀
Ата-аналар электрондық форматта өтініш, туу туралы куәлік, баланың медициналық паспорты және N 063/у бойынша медициналық анықтама, 2 фото тапсырады.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
