Наурыз құтты болсын!
18.03.2022Білім ордамыз ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін тойлауды бастап кетті.
Әр сынып оқушылары наурыз мейрамына орай дастархан әзірлеп, ұлттық тағамдар әзірледі.
Құрметті ата-аналар, оқушылар мен ұстаздар!
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.
Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін!
Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Ізгі ниетпен Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия ұжымы!

Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
