Қарттар күніне арналған«Дара жол» атты мерекелік кеш

05.10.2021

     НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ №74 мектеп-гимназиясында қарттар күніне арналған«Дара жол» атты мерекелік кеші өтті. Мерекелік кешіміз мектебіміздегі еңбек етіп жүрген қарт ұстаздарға арналды.
     Олар: Бекмаганбетов Сайран Мажитович, алгебра және геометрия пәнінің мұғалімі, Абылгазы Шайдолда, көркем еңбек пәнінің мұғалімі, Якубова Алима Саулеевна, орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, Досанова Сауле Антаевна, алгебра және геометрия пәнінің мұғалімі Қарт ұстаздармен кездесу өткізудегі мақсатымыз ұстаздарымыздың еңбек жолынндағы дара жолдарын, сара жолдарын кейінгі ұрпақ шәкірттеріңізге үлгі етуді жөн көрсету.Кеш барысында ұстаздарымыздың еңбек жолымен таныстырумен бастап, слайд арқылы бейне жазба, суреттер арқылы құттықтау тілектерін жеткіздік. 5 сынып оқушылары әдемі өлеңдер оқып, ұстаздарымызға саналы сұрақтар тізбектелді. Ұстаздарымыз оңтайлы ой айтып, есте қалған естеліктерімен бөлісті. Өз шәкірттерімен мақтан ететін ұстаздар, тамашалап отырған оқушыларға келешекке бағыт-бағдар көрсетті. Кешіміздің соңын керемет әнмен аяқтадық.





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено