Елбасы медалі

23.12.2021

2021 жыл Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицей үшін жақсы жаңалықпен аяқталуда. 10-сынып лицейінің оқушылары Негметова Анель, Амангелді Ақбота Елбасының қола медалімен марапатталды. Тиісті деңгейдегі тапсырмаларды абыроймен орындаған қыздар өздерінің жауапкершілігін, жеңіске деген жігерін, бәсекеге қабілеттілігін көрсетті.

Бәрекелді! Жарайсыздар! Біз сіздерді мақтан тұтамыз!! Сынып жетекшісі Ахметова Ғайния Сандыбаевнаның жан дүниесі қуаныш пен мақтаныш сезіміне толы. Шәкірттерінің жеңістерін көру, өз еңбегінің жемісін сезіну – нағыз ұстаз үшін үлкен бақыт.

Құрметті біздің оқушыларымыз, біз сіздерден жаңа жетістіктер күтеміз! Барлығы өз қолдарыңызда! Болашақ бүгіннен басталады!

        

        



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено