ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАРЫ
10.12.2021ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАРЫ
Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде еліміздің ең елеулі мерекесі – Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа кезеңдерін жүзеге асыру мақсатындағы «Ұлы даланың Ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері Баянғали Ғалымжанұлы, 2019 жылы Түркияның Анадолы қаласында өткен кикбоксинг спорт түрінен әлем чемпионы және алтын медаль иегері, 2021 жылы Италияның Лидо-ди-Йезоло қаласында өткен кикбоксингтен екі дүркін әлем чемпионы Ерлан Шағбан және мектебіміздің ардагер ұстазы, әуесқой әнші, композитор, көптеген әндердің авторы Ғарифолла Мажитұлымен кездесу өткізілді. Сондай-ақ, бүгінгі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған кездесуімізге Нұр-Отан партиясының «Алматы» аудандық филиалының бірінші орынбасары Болысбек Мұхамеджан Әбдіәшімұлы, «Алматы» ауданына қарасты мектеп басшылары және «Білімді жаңғырту орталығының» өкілдері қатысты.
Кешіміз ҚР Әнұранымен ашылды.Кездесу барысында қонақтарымызбен жүздесе отырып, Тәуелсіздік жылдарындағы еңбектері мне жеткен жетістіктері, жастарға деген айтар өсиеті мен рухы, қазіргі таңда немен айналысып жатқаны жайында әңгіме тарқатылды.
Кездесу кешінің соңына қарай қонақтарымызға «ауылдың алты ауызынан» қолқа салынып, Ғарифолла Мажитұлының «Табиғатым» әнін бірге шырқадық. Ерлан Шағбан өзінің күрестегі қолданатын «Ең сүйікті әдісін» көрсетсе, Баянғали Ғалымжанұлы өзі жазған өлең-шумақтарынан үзінді оқып берді. Сыйлы қонақтарымызға жылдағы игі дәстүрмен «Ұлттық нақыштағы қолжазбалар» жобасы аясында жасалынған қолжазба мен мектеп логотипі бар футболка тарту етілді.
Бүгінгі өткізіліген кешіміздің тағы бір ерекшелігінің бірі - тікелей эфирде өткізілуі.
Кештің оқушылар үшін маңызы зор, мазмұны терең дүние ретінде есте қалары сөзсіз. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы құтты болсын!


Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
