Самғатқан сан қыранды Алтын ұям!

30.11.2021

Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі -
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!

Биыл барша қазақстандықтар үшін ең қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Сондай-ақ, Алаш қайраткері, ағартушы, ақын Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназиясына да 10 жыл. Оқу ордасында мерейтойға орай салтанатты шаралар өтіп, ардагер ұстаздар мен мектеп түлектері бас қосты.
Мектептің іргесі 2011 жылы қаланған болатын. Көктал 2 кенті тұрғындары үшін мәдениет пен білім ошағына айналған мекеме 10 жыл ішінде талай шәкірт тәрбиелеп, білікті ұстаздар қатарын көбейтті. Орта мектеп болып ашылған оқу ордасы 2018 жылы гимназия статусын алса, 2020 жылы Міржақып Дулатұлы есімін иеленді.
Шара барысында мектептің 2011-2017 жылдардағы директоры Ш. Жакенбай, ардагер ұстаздар мен әр жылдары мектеп бітірген түлектер келіп қатысты. 2017 жылдан бүгінгі күнге дейінгі мектеп басшысы К. Баяхметбаева қонақтар мен түлектерді мектеп ішін аралатып, оңтайлы өзгерістермен таныстырды.
Мектеп АКТ залында салтанатты жиын ұйымдастырылып, мектеп оқушыларының қатысуымен «Самғатқан сан қыранды алтын ұям!» атты концерттік бағдарлама ұсынылды.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено