"Мектеп-қатыгездік пен зорлық-зомбылықтан азат аумақ"
24.11.2021Бүгін N°37 мектеп лицеймен "Право" қоғамдық қоры бірлесіп, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде 8,9,10 сыныптар арасында "Мектеп-қатыгездік пен зорлық-зомбылықтан азат аумақ" тақырыбында онлайн ZOOM форматта тренинг өткізілді.
Спикерлер: " Право" ҚҚ психологы - Хусаннова Жадра Хамидоллақызы және 37 мектеп -лицейнің психологы - Сыванкулова Қызғалдақ Тиышбековна болды.
Мақсаты:
* Мұғалімдердің, оқушылардың буллинг феноменіне байланысты проблеманың таралуы мен күрделілігі туралы хабардарлығын арттыру.
* Агрессивті мінез-құлықтың және көптеген көріністердің пайда болуына және сақталуына әкелетін механизмдерді түсіну деңгейін жоғарылату.
* Қабілетін қалыптастыру.
* Қорқытуға қарсы күрестегі жеке рөлдің маңыздылығын білу.
- Сыныптағы қорқыту мінез-құлқының алдын-алу және болдырмау үшін араласудың тиімді әдістерін білу

Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено