«Оқу-әдістемелік басылымдарды әзірлеуге қойылатын талаптар» тақырыбында әдістемелік ашық әңгіме

03.11.2021

     Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№45 орта мектеп» КММ-де «Өрлеу»БАҰО» АҚ «Жаратылыстану – гуманитарлық пәндер әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. доценті Бауыржан Сәбит Имангалиев, «Әдістемелік сүйемелдеу және курстан кейінгі қолдау зертханасының» әдіскері Нурмаганбетова Валентина Ивановна және «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК әдіскерлері Ахметова Кымбат Касымовна, Даримбетов Жанболат Нагимович бірлесе отырып «Оқу-әдістемелік басылымдарды әзірлеуге қойылатын талаптар» тақырыбында әдістемелік ашық әңгіме өткізілді. 
     Мақсаты: басылымға берілетін мақалаларды жазуда, авторлық бағдарламаларды құрастыруда кездесетін қиындықтарды анықтау және оларды шешу жолдарын қарастыру.
    Ашық әңгіме барысында педагогтер мынадай ақпараттар алды: басылымдарды қалай әзірлеу, факультатив, үйірмелердің бағдарлама құрылымының үлгісін, электронды оқулықтар.
    Еркін форматта ұйымдастырылған ашық әңгімеде мұғалімдер өздерін мазалайтын сұрақтарына нақты да толымды жауаптар алды.











Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено