«Күз сыйлықтары» байқауы
08.10.2021
2021 жылдың қазан айының 4-і мен 12-ны аралығында дәстүр бойынша №15 мектеп-лицейінде «Күз сыйлықтары» табиғи материалдардан жасалған қолөнер байқауы өтті. Байқауға бастауыш сынып оқушылары мен ата-аналары белсене қатысты.
Мақсаты: Балаларға қоршаған орта, табиғат өзгерістері туралы түсінік беру.
а)Көкөніс пен жеміс-жидектерді бақта және бақшада өсетіні жайлы түсініктерін кеңейту. Олардың аталуы, құрамындағы кездесетін дәрумендері, адам денсаулығына маңызы жөнінде білімдерін тереңдету.
ә) Балалардың өз ойларын жүйелі, анық жеткізуге үйрету; ой-өрісін, тілін, сөйлеу мәнерін, қызығушылығын, танымын, есте сақтау қабілеттерін арттыру;
б) Табиғатты, өсімдіктерді қорғауға, аялауға, әсемдікті көріп сезінуге үйрету;
Күзгі адамдар еңбегін құрметтеу, күзгі байлықты, сыйын бей-берекет шашпай пайдалануға, жол бермеуге тәрбиелеу.
Байқауға қатысушылар «Күзгі сыйлықтар» материалдарының барлық түрлерін қолданды: жапырақтар, жемістер, бұтақтар және т.б. Табиғи материалдардан жасалған қолөнер көрмесі мұғалімдердің, балалардың және ата -аналардың тығыз байланысының арқасында сәтті өтті. Тәрбиелік -танымдық маңызы зор, өйткені балалар табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы білім алады, өсімдіктерді, көкөністер мен жемістерді ажырату мен атау дағдыларын жетілдіреді.
Конкурс жеңімпаздарын әділ қазылар алқасы анықтайды, жеңімпаздар жүлделі орындар мен номинациялар бойынша дипломдармен, сондай-ақ сыйлықтармен марапатталады. Конкурс қортындысы мектеп сайтында жарияланатын болады.

Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
