Ұстазым, келеді өзіңе ұқсағым
01.10.20212021 жылғы 1 қазан күні 8 «Г», 8 «Д» сынып жетекшілері Д. Райымбекова, Б. Қуанбай «Ұстазым, келеді өзіңе ұқсағым» атты сынып сағатын өткізді.
⠀
«Ұстаздық еткен, жалықпас үйретуден балаға» — деп ұлы Абай атамыз айтқандай, ұстаздар жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге деңгейі өлшемге сыймайды. Өз ұстаздарына ұқсағысы келетін оқушылар ұстаздардың болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырындығын айтып, мереке иелеріне арнап дайындаған тілектері мен өлең жолдарын тарту етті.
⠀
Шара соңында директордың оқу тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А. Молдаханова мен директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж. Рустемова оқушыларға алғыс білдіріп, ұстаздық жолдың өзге мамандықтардан ерекшелігі мен шәкірт тәрбиелеудің жауапкершілігі мол екендігін айтып, барлық оқушыларға тек биік шыңдардан көріне берулеріне тілектестік білдірді.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено