Темекі шегудің зияны
07.09.20212021 жылғы 7 қыркүйек күні Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназиясында ұлдарға арналған темекі шегудің зияны туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді. Іс-шара барысында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж. Рустемова темекі шегудің зияны мен оның ағзаға келтіретін зардабы жайында сөз қозғап, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Ден сала тыңдаған оқушылар бұл жайлы өздерінің ашық ойларын айтып, кішігірім пікірталас өткізді.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
