«Адал мектеп – адал қоғам»
10.03.2021«Адал мектеп – адал қоғам» тақырыбындағы тікелей эфир
«Antikor.Live» жобасы аясында
Нұр - Сұлтан қаласы "№78 мектеп- гимназия" КММ
Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар!
2020-2021 оқу жылында № 78 мектеп- гимназиясында 2075 бала білім алып жатыр. Мектепалды даярлық тобында 60 оқушы, бастауыш 1-4- сыныптарда 966 оқушы, 5-11-сыныптарда 1049 оқушы оқиды. Биылғы 2020-2021 оқу жылы жалпы білім беру саласындағы оқыту форматы екі форматта жүргізілді. Оның бірі қашықтан оқыту форматында болса, екінші «Кезекші» сыныптар арқылы жүзеге асырылды. «Кезекші» сыныптарға 1-4-сыныптар қамтамасыз етілді. 2-тоқсаннан бастап, «Кезекші» сыныптарға 5-сыныптарды қостық. «Кезекші» сыныптарда 31 сынып, 415 оқушы білім алды. 31 мұғалім жұмыс жасады.
3-тоқсаннан бастап, штаттық режимде 50 сыныпта 1300 оқушы оқиды, 1-5 сыныптарда 85 мұғалім, 9,11-сыныптарда 39 мұғалім жұмыс жасап жатыр. санитарлық - эпидемиялогиялық ахуал ескеріліп, шектеу іс-шаралары кезеңінде оқушылар мектепке міндетті мектеп формасында емес, еркін, ұқыпты және жинақы киімде болуға рұқсат етілген, ата-аналарға мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқтығын және сабақтарға ыңғайлы киімде қатыса алатындығы айтылды.
Мектепте оқушылармен бірге ата-аналармен де тығыз байланыста жұмыс жасалып, іс –шаралар жүргізіліп отыр. Соның бірі оқушыларымызға әлеуметтік қолдау көрсету. Ағымдағы оқу жылында мектебіміздің 84 отбасы көп балалы отбасы болып тіркелген. 258 оқушы көп балалы отбасынан, аз қамтылған 27 отбасынан 48 оқушы, 112 толық емес отбасынан 958 оқушы анықталып отыр. Сонымен қатар сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар 2 «Ғ», 3 «Ғ», 4 «Ғ» сыныптарында 20 оқушы және денсаулық жағдайына байланысты 5 оқушы үйден білім алуда. Қамқоршы қарамағында 3 оқушы оқиды. 2020-2021 оқу жылында оқушыларға әлеуметтік санаттар бойынша біршама көмек көрсетілді.
Мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтуды қамтамасыз ету үшін жаппай біліммен қамту «Мектепке жол» акциясында көп балалы, аз қамтылған, ата –анасының қамқорынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік санаттары бойынша балалардың мектепке дайындығын алдын алу үшін көмек көрсету мақсатында жалпыға міндетті оқу айлығы мен «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында Жалпы білім беру қорынан 126 оқушыға 40000 (қырық мың) теңгеден көмек көрсетілді.
Пандемия кезінде Жалпы оқу жылының басында қашықтықтан оқытуда Білім басқармасы тарапынан берілген 250 ақпараттық техникалық құралдар оқушылар мен мектепте қызмет жасайтын қызметкерлерге де көмек ретінде беріліп отыр. Ноутбук VoVoLA - 170, Планшет SkYPACER - 30 , DeLE - 50 таратылды. 88 интернеттік роутерлер желісі берілді.
Санитарлық – эпидемиялогиялық талаптарды сақтау мақсатында мектепке төмендегідей қажетті құрал-жабдықтар алынды.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено