Көмектесуге тілек пен уақытты табатын адамдар бар екендігі бізді қуантады.

07.04.2021

Қазақтың  жақсы  қасиеттерінің  асылы   жомарттық,   кең  пейілділік.   Халық  даналары  « кең болсаң,  кем  болмайсың» ,  « адамның  күні  адаммен»  деп  айтып  кеткен.  Жомарт  болу  өзіңде   барды  зәру   адаммен    шын   жүректен   бөлісу  екендігін    Нұр- Сұлтан  қаласы   № 35  мектеп-лицей   ұжымы   бүгінгі   қарбалас  өмірде    қалың  жұртшылықтың   есіне   салды.    Демеушілік   төрайым   мүшесі   Атежанова   Айжан  Камаровнаның  қолдауымен   Қуанышев   Жандос   Жұмашұлы   және  жұбайы    Индираға   үлкен   алғысымызды   білдіреміз. Аз  қамтылған   бес   отбасыға   азық-түлік   себетін  табыстады.  Қуаныш  Жұмашұлы  сіздің   назарыңыз  бен   көмегіңіз  біз  үшін  баға  жетпес  болды.  Көмектесуге   тілек  пен  уақытты  табатын    адамдар   бар  екендігі   бізді   қуантады.  Сіздерге   өмірдегі  барлық  жақсылықтарды   тілейміз. 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено