Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің 90 жылдық мерейтойы

10.02.2021

"Руханият" бірлестігінің ұйымдастыруымен " Ғасыр ақыны" атанған Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай "Жырлайды жүрек" атты апталық басталды. Мақсаты: Ақынның мол мұрасын жас ұрпақ санасында жаңғырту, шығармашылығымен таныстыру, оқушылардың таным деңгейлерін арттыру. Артына өшпестей із қалдырған ақын шығармашылығына, өмір жолындағы деректерге шолу жасалды.
Әдеби онлайн кештің қонағы Абайтанушы, ақын, Жазушылар одағының мүшесі Алмахан Мұхамедқалиқызы ақынның өлеңдерінің шығу тарихынан сыр шертсе, оқушылар нақышына келтіре өлең оқып, әндерін шырқады.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено