«Атамекенге саяхат»

05.02.2021

     № 74 мектеп гимназиясының Қоғамдық пәндер мен тарих бірлестігі өткізіп келе жатқан «Туған жерге тағзым» жобасы өз жалғасын табуда. 27 қаңтар күні осы жоба аясында тағы бір іс-шара өтті. «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені» жайлы «Атамекенге саяхат» атты онлайн-экскурсияны Teams платформасы арқылы мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Қайсарбек Марат жүргізді. Сабақ барысында «Атамекен» кешенінің құрылуы, мақсаты түсіндіріліп, кешен аумағында орналасқан тарихи, мәдени, географиялық нысандардың макеттеріне шолу жасалды. Қазақстанның әрбір аймағының өткені мен бүгінін қамтыған сабақты оқушылар ықыласпен тыңдады. Сабақ барысында оқушылармен кері байланыс жасалып, берілген мағлұматтарды қаншалықты игергені тексеріліп отырды. Экскурсия соңында оқушылар сабақтың көңілдерінен шыққанын білдіріп, осындай онлайн экскурсиялар басқа музейлерге жүргізілсе деген ұсыныстарын айтты.

  



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено