Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл
09.02.2021№ 38 мектеп-лицейде 8 ақпан күні Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Поэзия әлемінің адал перзенті» атты 8 «Ә» сыныбымен сынып жетекшісі, қазақ тілі пән мұғалімі М.Ахметова онлайн дөңгелек үстел өткізді.
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.
«Поэзия әлемінің адал перзенті» атты дөңгелек үстелге қонақ болып С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті (ШҚМУ), филология факультетінің түлегі, Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын жанына жақын тұтушы, облыстық басылымда корректор, журналист әрі республикалық сайтта фрилансер Нұрән Әділетқызы өзінің тұшымды ойларымен, сырлы поэзиясымен оқушыларды сусындатты. Өз пікірін білдірді. Туған халқының арман-мақсатын терең түсінген, толғай жазған, сөйтіп, жанының жаршысы болған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың екінші өмірі — мәңгілік ғұмыры енді басталып отыр. Өлмес өнері – өлеңмен жалпақ елінің жүрегіне жол тауып, бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ұлы перзентінің ұрпаққа ұран болған жырларын елі де ешқашан есінен шығармасы анық.
![]() |
![]() |
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено


