Жаса, жайна менің Қазақстаным!  

15.12.2020

   Биыл Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 29 жыл толды.  Еліміздің басты мерекесіне орай, 2020 жылғы 15 желтоқсан күні № 27 мектеп-лицейінде «Жаса,  жайна  менің  Қазақстаным!»  атты  мерекелік  шара  өтті.                      
   Тәуелсіздік мерекесі – өз тарихында тұңғыш рет заманауи мемлекет құрған Қазақстан халқының ауқымды тарихи жетістіктерінің жарқын   көрінісі. Қазақстан үшін бұл жылдар ілгерілеу мен орнықты даму кезеңі болды. Осы аралықта ел экономикасы қарқынды дамып, Қазақстан тұрақты мемлекет  ретінде  қалыптасты.
  Мерекелік шарада мектеп директоры Байсалбаев Қанат Слямғазыұлы мектеп ұжымын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен құттықтап, білімді дамыту жолындағы жоғары табыстары мен жетістіктері үшін мектептің бірқатар ұстаздары мен қызметкерлерін марапаттап, құрмет  грамоталары  мен  алғыс  хаттарын  табыстады.  
  Салтанатты онлайн кеш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, мектеп оқушыларының орындауындағы қазақтың  әсем  әндері  және  тәтті  күйлерімен  жалғасын  тапты.
  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай  өткізілген салтанатты кеш барлық қатысушылардың бірлесіп «Атамекен» әнін  шырқауымен  өз  мәресіне  жетті. 
  Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары,  егемендігіміз  баянды  болсын!

1

2

3



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено