Президент және Тәуелсіздік туралы кітап көрмесі

30.11.2020

Президент күнін мерекелеу аясында "№39 кешкі (ауысымдық) мектеп" КММ кітапханасында "Қазақстанның Тұңғыш Президенті" кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде Тұңғыш Президенттің Қазақстанның дамуына қосқан үлесі туралы баяндайтын әдебиеттер ұсынылған. Сондай-ақ, көрмеде Тәуелсіздік жылдарындағы негізгі өзгерістер туралы әдебиеттер қойылды. Ел үшін қиын сәтте оған басшылықты бүгінде әлемдік қоғамдастық мықты саясаткер және Ұлт көшбасшысы ретінде мойындаған Н.Назарбаев қабылдады. Елбасы басшылық еткен сәттен бастап елімізде қандай өзгерістер болғанын кітап көрмесінде ұсынылған басылымдар әңгімелейді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено