Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні!
01.12.2020Құрметті әріптестер, ата-аналар және оқушылар! Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназия сіздерді Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен құттықтайды! Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа – мол табыс, бақ - дәулет тілейміз! . Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізді басқарып келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
