7-8 сыныптар арасында «Темперамент, мінез және қабілет» тақырыбы бойынша өткізілген семинардың қорытынды анықтамасы.
26.11.20207-8 сыныптар арасында
«Темперамент, мінез және қабілет»
тақырыбы бойынша өткізілген семинардың қорытынды анықтамасы.
Өткізілген күні: 20.11.2020
Қатысқандар саны:
7-сыныптар: 48 оқушы
8-сыныптар: 77 оқушы
Мақсаты: оқушылардың темперамент типтерін анықтау және бағыт бағдар беру.
Міндеттері:
- Темперамент, олардың типтері, психологиялық ерекшеліктері туралы ақпарат беру;
- Темпераменттердің ерекшеліктерін талдау, типтерді өзара салыстыру және байланыстыру;
- Әр типке сәйкес бағыт-бағдар беру.
Семинар барысында ең алдымен сауалнама алынды және темперамент, олардың типтері, психологиялық ерекшеліктері туралы ақпарат берілді. Сауалнама бойынша алынған нәтижелерге сүйене отырып , темперамент типтеріне сәйкес арнайы нұсқаулықтармен танысты.
Берілген ақпараттар оқушылардың ары қарай тереңірек білуге деген ынта-қызығушылықтарын арттырып, оқушыларда бірнеше сұрақтарда қойды.
-Менің мамандыққа деген қызығушылығым уақыт өте келе өзгеруі мүмкін бе?
-Егерде темперамент типіме сай мамандық таңдамасам ше?
-Сангвиник болсам, спорт саласынмен айналыса аламын ба? деген сияқты т.б
Қорытындылай келе, мамандық таңдау түрлі факторларға байланысты: қызығушылыққа, қабілетке, сұранысқа. Ең маңыздысы – әр мамандық әрбір маман иесіне талап қояды. Сонымен темперамент мамандық таңдауға да әсерін тигізетіндігін тілге тиек еттік. Оқушылар өз тарапынан жағымды кері байланыстарын білдірді.
№72 МЛ психологиялық қызметі
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
