ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№24 орта мектеп» КММ Қамқоршылық кеңестің құрамын қалыптастыру және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтынын хабарлайды.

25.11.2020

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№24 орта мектеп» КММ Қамқоршылық кеңестің құрамын қалыптастыру және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтынын хабарлайды.

Қамқоршылық кеңестің өкілеттігі:

1) білім беру ұйымының білім алушылары құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемесінің  шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;

3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;

4) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;

     5) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;

     6) Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;

      7) орта білім беру ұйымдары басшысының лауазымына үміткерлермен әңгімелесу қорытындысы бойынша хаттамалық шешім шығарады және келіседі;

     8) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және  жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;

  9) білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;

      10) білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға  жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.

Шақырылатындар: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері; жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері; коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса); ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан бір ата-анасы немесе заңды өкілі; қайырымдылық жасаушылар (бар болса).

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына сай іске асырылады.

Ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 2020 жылғы 4 желтоқсанға дейін. 

 (өтініштер білім беру ұйымдарының кеңселерінде және электрондық пошта school-24kz@mail.ru немесе anar.moldahanova@mail.ru мекен-жайлары  арқылы  қабылданады).



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено