Бірлескен қызмет - мұғалімдердің кәсіби ынтымақтастығының нәтижесі
11.11.2020"А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей".
Бүгін, 11 қараша күні Жетекші мектеп ретінде қоғамдастық жұмысының жоспарына сәйкес "Бірлескен қызмет - мұғалімдердің кәсіби ынтымақтастығының нәтижесі" тақырыбында серіктес мектептермен онлайн вебинар өткізілді. Вебинарға №51 мектеп-гиманзия, №53 мектеп-лицей және №48 мектеп-лицейден 60-ға жуық мұғалімдер қатысты. Серіктес мектептер өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, өзара пікір алмасты. №51 мектеп-гимназиядан бастауыш сынып мұғалімі Зулкарнаева Дина Амангельдиновна "LS - сабақты зерттеу" тәжірибесінің нәтижесін ұсынды. Сонымен қатар №53 мектеп-лицейдің химия пәні мұғалімі Схаг Аманкельди мектебінің жаратылыстану бағытындағы пәндерді үш тілде оқытуда кездескен қиындықтары мен оны шешу жолдарын ұсынды. Жетекші мектеп ретінде «Бірлескен іс-әрекеттегі зерттеу үдерісі арқылы мұғалімдердің кәсіби даму құзіреттілігін жетілдіру» тақырыбында өз тәжірибеммен бөлістім. Вебинарға қатысушылардан кері байланыс алынып, пікірі тыңдалып, қортындыланды.

Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено