"Зиянды әдеттер және олардың алдын-алу" тақырыбында вебинар
06.10.202001.10.2020 жылы №74 МГ ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласы №15 емхана мамандары - СӨС дәрігері Рақымжан А.Қ., психологтар Бажекенова Н.С., Еркумбаева А.Ж. 7-11 сынып оқушыларымен "Зиянды әдеттер және олардың алдын-алу" тақырыбында вебинар өткізді. Оқушыларға жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратының ескерту. Есірткі, ішімдік, және темекінің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы ақпарат беріліп, түсіндіріп өтті. Жаман әдеттердің пайда болуы - психологиялық проблема. Олар неге пайда болады? Психологиялық тұрғыдан зиянды әдеттер адамға қандай әсер беретіндігі жөнінде оқушылармен талқыланып, кері байланыс жүргізіліп отырылды.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
