Психолог Құдайбергенова А.Қ. Қазақстан ұлттық арнасының «Таңшолпан» таңғы ақпаратты -сазды бағдарламасында қонақта болды

10.11.2020

10 қараша 2020 жылы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы РҚБ төрайымы Садвакасова Д.Т және Нұр-Сұлтан қаласы 62 мектеп-лицей психологі Құдайбергенова А.Қ. Қазақстан ұлттық арнасының «Таңшолпан» таңғы ақпаратты-сазды бағдарламасында  қонақта болып, «Балалар мен жасөспірімдер арасында интернетке тәуелділікті анықтау және онымен күрес жолдарын жүргізу» тақырыбы бойынша сұхбат берді. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы РҚБ төрайымы Динара ханым бағдарламаны «ReStart» қайтадан бастау, жаңа бастама деген ұғымды білдіретінін және осы жобаның лозунгі «онлайн болу мәдениеті, онлайн болу әдебі» екенін түсіндірді. Ағымдағы жылдың 14-24 қыркүйек аралығында республиканың 7500 мектеп психологтары осы бағдарлама бойынша курстан өткен, солардың ішінен арнайы таңдалған, супервизиядан өткен 340 психологтің бірі Нұр-Сұлтан қаласы 62 мектеп-лицей психологі Аяулым Құдайбергенқызы осы жоба негізінде оқушылармен, ата-аналармен атқарылған жұмыстарына толық тоқталып өтті.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено