Дебат

31.10.2020

     2020 жылды 31 қазанында № 85 мектеп-лицейінде Американдық парламенттік пікірсайыстың форматы бойынша семинар өткізілді. Семинар ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің маманы А.Абданбековтың ұйымдастыруымен өтті. Бұл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының докторанттарының мектептегі пікірсайыстарды күшейту жобасы аясындағы алғашқы іс-шара болды.

     Семинар барысында мектеп оқушыларын дебат шеберлігіне баулу, оқушылар арасында пікір-сайыстың деңгейін көтеру мәселелері талқыланды. Іс шара соңында ұстаздар қауымы оқушылар арасында дебат турнирін өткізу мен мектепте дебат клубын ұйымдастыру жайлы бір ауыздан шешім қабылдады.

     Іс-шараны жоғары дәрежеде ұйымдастыра алған Абданбеков Арман  мырзаға ұжым атынан алғыс білдіріп, шығармашылық табыстар тілейміз.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено