Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру
06.11.20202020 жылдың 6 қарашасында № 85 мектеп-лицейінде орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің қатысуымен «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру» атты оқыту семинары өтті. Семинарды республикалық тренер, педагог-шебер, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.С.Нукебаева ұйымдастырды.
Мақсаты: оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану. Семинар барысында ұстаздар сын тұрғысынан ойлаудың ерекшеліктерін зерделеп, сабақта қолданылатын бірнеше белсенді оқу әдістерін талқылады, кері байланыс жасауды үйренді.
Өтілген іс-шара мазмұны жағынан талапқа сай. Семинарға қатысушылар өз ойларын, көзқарастарын білдіру негізінде тәжірибе алмасты.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
