«Абай аллеясына» ағаш отырғызу жұмыстары жүргзілді
22.10.2020 Қазіргі таңда біз күн сайын еліміздің экологиясына қатысты өткір проблемаларға тап боламыз. Осы орайда өскелең ұрпақтың экологиялық тәрбиесі маңызды екенін атап өткіміз келеді.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың балаларға экологиялық сананы сіңіру қажеттілігі, сондай-ақ Қазақстан табиғатын қорғаудың ерекше маңыздылығын түсіну туралы үндеуі аясында "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы оқушылар үшін экологиялық жобаны іске қосты.
Осы жоба аясында Нұр-Сұлтан қаласы "Астана дарыны" дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының басшысы Тұрсынов Ғаждембек Қуанышұлы бастаған ұжым Нұр-Сұлтан қаласы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының аумағында «Абай аллеясына» ағаш отырғызуға шықты. Кезекті экожоба челленджін Солтүстік Қазақстан облысы "Дарын" орталығына жолдады. Аталмыш шара мектебіміздің мұражайын таныстырумен және оқушылардың қонақтарға арналған жыр шашуларымен жалғасты.

Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
