Қос алып: Әбу Насыр Әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлы

09.09.2020





Қыркүйектің тоғызыншы жұлдызында Гимназиямызда zoom платформасында "Қос алып: Әбу Насыр Әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлы" тақырыбында конференция өтті.Негізгі мақсат — ұлы даланың тарихи тұлғаларының өмірі мен шығармашылығынан ғибрат ала отырып, асыл мұрамызды дәріптеу болды.Конференцияда осы жылы мерейтойы аталып өтіп жатқан қос алыпқа байланысты, мектеп әкімшілігі, ұстаздармен қатар оқушылар да қатысты. Конференцияны педагог-ұйымдастырушы Қуандық Санатұлы жүргізіп, алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Ербол Іргебайға берілді. Осыдан кейін кітапхананың меңгерушісі Гүлнәр Шақизақызы, тарих пәнінің мұғалімі Әуелбек Балқыбекұлы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлжан Женисовна сөз сөйледі. Өз ойларымен бөлісіп, құнды ақпараттармен құлақтанып ерекше бір кештің куәсі болдық. Ұлттық рухани дүниелерге бай болу үшін алыптарымыздың шығармаларын жай ғана оқып қана қоймай, әрбір дүниесін санамызға сіңіріп , ғибрат алып, тәрбиелік жағына баса назар аударсақ болғаны.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено