«Үздік педагог-2020»
02.10.2020«ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2020» байқауының жеңімпазын құттықтаймыз.
Қуанышты жаңалық! Мектебіміздің білікті де білімді ұстазы, математика пәнінің мұғалімі Парманова Сандуғаш Қуанышбекқызы «Үздік Педагог» байқауының жеңімпазы атанды. Салтанатты іс-шарада Министр Асхат Аймағанбетов өз қолымен марапаттап, жүрекжарды тілегін білдірді.
Биыл «Үздік педагог» конкурсының республикалық кезеңінде 143 педагог өтінім берген болатын. Оның ішінде: мектепке дейінгі және орта білім бойынша – 109, техникалық және кәсіптік білім бойынша – 35. Жеңіп шыққан 64 ұстаздың әрқайсысына «Үздік педагог» төсбелгісі мен 2 788 000 теңге (1000 АЕК) көлемінде сыйақы табысталды.
Жеңімпаз атанған Сандуғаш Қуанышбекқызын шын жүректен құттықтаймыз! Сізге мықты денсаулық пен шығармашылық шабыт тілейміз. Асар асуларыңыз биік болсын!
https://www.facebook.com/edugovrk/videos/821959978371247
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено