БІЛІМ БЕРУ — ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДІҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

18.09.2020

Осындай тақырыпта мектептің мәжіліс залында педагогикалық кеңес болып өтті.
Жиында 2019-2020 оқу жылының жұмыс сараптамасы, мектеп-гимназияның даму бағыттары туралы, 2020-2021 оқу жылына арналған мектептің жылдық оқу-тәрбие жоспарын бекіту, педагог қызметкерлердің құрамдық міндеттері,  жалпы оқумен қамту,  «Мектепке жол» акциясы туралы, адам өмірінің қауіпсіздігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау  және ұжымдық келісім шартты таныстыру туралы мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, жаңадан келген 6 жас мамандар және 7 мұғалімдер таныстырылды. Жиын барысында барша мұғалімдерге Daryn.online ХХІ ғасырдың білім беру платформасы жөнінде Оңалбеков Ержан түсіндірме жұмысын жүргізді.
Жеке кәсіби дамуы және мектептегі көшбасшылық дамытуға қосқан үлесі үшін бірнеше мұғалім ХартсКем қауымдастығының сертификатымен, басқа да алғыс хат, грамоталармен марапаталды.
Мектеп директоры Күнімбала Ізтөлеуқызы Міржақып Дулатұлының  “Жылғыз сүйеніш, жалғыз үміт —оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз — оқу.  Надан жұрттың күні — қараң,  келешегі — тұман” сүбелі сөзі мұғалімдердің басты ұранына айналса деген ұсыныс айтты.
  




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено