№8 мектеп-лицейінің мұғалімдерімен Microsoft Teams платформасында бейнеконференция өткізілді.
18.09.2020Бүгін №8 мектеп-лицейінің мұғалімдерімен Microsoft Teams платформасында бейнеконференция өткізілді. Бейнеконференция аясында директордың оқу-тәрбие және әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары апта қорытындысының нәтижелерімен бөлісті. Жас мамандардың кәсіби құзіреттілігін дамыту жолы баса назарға алынып тәлімгер мұғалімдер тағайындалды. Сабаққа себепсіз қатыспайтын оқушылармен жүргізілген жұмыс туралы есеп берілді. Сонымен қатар оқу-тәрбие процесіндегі атқарылған жұмыстар туралы ақпаратпен таныстырылды.

Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
