"Білімді ұрпақ - жарқын болашақ"
01.09.2020Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында 2020-2021 оқу жылының мектеп табалдырығын аттаған 1- сынып оқушыларына арналған «Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты іс-шара- Алғашқы қоңырау болып өтті. Іс-шарада карантин режиміне сәйкес барлық санитарлық-гигиеналық талаптары сақталды. Сонымен қатар 2-11 сыныптар аралығында онлайн режимде "Білімді ұрпақ - жарқын болашақ" атты сынып сағаттарын өткізу барысында әбу-Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл, Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл және Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 жылдығы аталып өтті.
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!

Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
