ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау

09.09.2020

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 78 мектеп-гимназиясы» КММ ұжым мүшелерімен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша 9 қыркүйек күні онлайн кездесу болып өтті.

Баяндамашы: Оразтай Ернар – тарих пәнінің мұғалімі

            Тарих пәнінің мұғалімі Е.Оразтай еңбек ұжымын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауымен қысқа да нұсқа таныстырып өтті. Ұжым мүшелеріне  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдау соңында «отандастарына» арнаған мына сөздері қанат бітірген еді:

«... Бүгін мен бүкіл қоғам алдында дағдарыс жағдайында атқарылатын іс-шаралардың жоспарын баяндадым. Оның жемісті жүзеге асуы әрқайсымызға байланысты.

Баршамыз өз-өзімізді дамытуға күш салуымыз керек. Замана сынағы бізден үздіксіз қозғалысты, мықты күш-жігерді және табанды еңбекті талап етіп отыр.Сондықтан, еліміздің бақытты әрі жарқын келешегі әр азаматтың қажырлы қызметіне байланысты болмақ.    

Әр буынның маңдайына түрлі сынақ жазылған.Біз төл тарихымызда тағдырдың түрлі сынынан әрдайым сүрінбей өттік. Еліміз ең күрделі деген міндеттерді шеше алады. Біз бұған дайынбыз.

Біз – халқымыздың Тәуелсіздік жолындағы сан ғасырлық арман-тілегіне қол жеткізген ұрпақпыз.

Келер жылы Тәуелсіздігімізге 30 жыл болады. Бұл мерейлі дата – Егемен еліміз үшін аса маңызды меже. Бұл – жаңа тарихи кезеңнің басы. Бізге мемлекеттің болашағы үшін зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Бірлігіміз бен ынтымағымыз мығым болса, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз.

Бұл біздің қолымыздан келеді.

Мен бұған кәміл сенемін.

Еліміз әрқашан аман болсын!» 

         Конференция соңында 3 әріптесіміз Жолдауда айтылғандарды, оның ішінде  «ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ БІЛІМ», «ҰЛТТЫҢ ЖАҢА БОЛМЫСЫ» бағыттарын толықтай құптап, ұжымды қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруға, сондай-ақ,  қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру ісіне өз үлестерін қосуға шақырды.

         Қорытындылай келе, Жолдауда айтылғандай, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының: "Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек" дегенін өз ұстанымымызға айналдырып, нақты іске кіріскен шақта ғана бәсекеге қабілетті мемлекет, зияткер ұлт қалыптастыра аларымыз сөзсіз.

 

      



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено