1 Қыркүйек-Білім күні
01.09.2020Биылғы 2020-2021 оқу жылында №15 мектеп-лицейінің 1 сынып оқушылары мектеп табалдырығын аттады.
Бүгін барша Қазақстандықтар үшін ерекше мереке. 1 қыркүйек дәстүрлі Білім күні мерекесі, оның мақсаты өскелең ұрпақтың білімге деген ынтасын арттыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру болып табылады. 1 қыркүйек - бүкіл балаларының мерекесі «Өйткені, бұл күні барлық калалар мен ауылдарда тұратын кішкентай бүлдіршіндер сөмкелері мен кітаптарын алып, тұңғыш рет сынып есігін ашу үшін мектепке бара жатады.
Біздің бүлдіршіндерді мектеп алаңында Клоун, Фея Винкс –Блум, Фея Дин-Дин, Қоңыр аю персонаждары қарсы алып, құттықтау сөзер айтылды.
Алғашқы ұстаздары сыныптарын қарсы алып, алғашқы рет сынап есігін ашқызды. Сыныпта Білім күніне арналған салтанатты сынып сағаттары өткізілді. Қашықтық түрде де сынып сағаттары өткізілді.
1 қыркүйек Білім күні құтты болсын!!!




Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
