Педсовет 2020

21.08.2020



Мектеп директоры Әзімханова Сәуле Мыңшалқызы ұстаздар ұжымын жаңа оқу жылындағы оқу форматтарымен, оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау ережесімен, 1-4-сыныптардың кезекші топтарындағы жұмыс қағидаларымен толыққанды таныстырып өтті. Сондай-ақ қашықтан оқыту кезіндегі мұғалімнің жұмыс орны, техникалық дайындығы, қашықтан өткізілетін сабақтарды әзірлеу алгоритмі мен педагог имиджі, этикет сақтау сияқты маңызды мәселелерге кеңінен тоқталды. Мектеп директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Қылышбек Фариза Байжанқызы мен Рақымберлі Парасат Мағауияқызы қашықтан оқыту үшін мектеп-гимназия пайдаланатын білім беру интернет-платформасымен таныстырды. 
Ғылыми-әдістемелік істер жөніндегі орынбасары Султанова Ақерке Жандаулетқызы жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау ерекшеліктеріне тоқталды. Сонымен қатар мектеп психологтары баланы өз бетінше жұмыс істеуге және оқуға ынталандыруға арналған кеңестерін ортаға салды.







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено