Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, шығармашылығына арналған  «Абай әндерінен»  қашықтық челленджі

09.08.2020

№38 мектеп-лицейде қазақ ұлтының мақтанышы, ғұлама ойшыл, сазгер, ұлы ақын
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, шығармашылығына арналған 
«Абай әндерінен»  қашықтық челленджі🎼🎬🎤 №38 мектеп лицейінің Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Челлендж бірнеше мақсат, міндеттері алға қойды:
· Ұлт мақтанышы, данышпан ойшыл, сазгер, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығын насихаттау;
·  ғұлама ақын шығармалары арқылы оқушылар бойында рухани-адамгершілік, имандылық, патриоттық қасиеттерін арттыру;
·  дарынды балаларды анықтау және оларға шығармашылық тұрғыдан  қолдау көрсету;
·  ән өнерін дамытуға атсалысу;
·  Абай мұраларының  оқушылар, ата-аналар арасында кең таралуына ықпал жасау.
♕Байқауға вокал, хор үйірмелерінің және де басқа барлық сынып оқушылары, ата-аналары қатысты.  
  Қатысушылардың өнер көрсетуі видео арқылы жолданады.
   Челлендж шарттары бойынша қатысушылар
1. Абай әні орындалуы тиіс болды;
2. Челленджге қатысушылар әндерін «жанды» дауыста:
-  әнді (эстрадалық минусовкамен(компьютер арқылы), өзі қалаған аспаппен (домбыра, сырнай, қобыз, жетіген т.б.) және акапелла ( сүйемелдеусіз) орындауы тиіс болды;
3. Челлендж барысында қатысушының сахналық киім ерекшелігі, орындау мәнеріне  назар аударылды.
4. Челленджге жеке және топтық (дуэт, трио, квартет) орындаушылар қатыстырылды.

Назарларыңызға рахмет!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено