"Жас Қыран" қатарына
30.05.2020Мамырдың 28-ші күні мектебіміздің білім алушыларын Бірыңғай «Жас Ұлан», "Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына қабылдау салтанаты онлайн түрде өткізілді. Нәтижесінде 20 бастауыш сынып білім алушыларын "Жас Қыран" қатарына, 26 орта және жоғары буын білім алушыларын "Жас Ұлан" қатарына қабылдадық.
Іс-шара қонақтары: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Нурмаганбетова Г. А., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Мырзахметова А.Ж. Іс-шараны өткізген мектебіміздің тәлімгері: Сальменова Ж. К.
Бірыңғай «Жас Ұлан», "Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына қабылданған оқушылардың барлығын шын жүректен құттықтай отырып, жазғы демалыстарының сәтті өтуіне тілектеспіз!



Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
