«БАЛАЛАР ҮЙРЕНЕДІ – БІЗ ҮЙРЕНЕМІЗ»
08.04.2020«БАЛАЛАР ҮЙРЕНЕДІ – БІЗ ҮЙРЕНЕМІЗ»
Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балаларды қорғау комитеті ұйымдастырған «Балалар үйренеді –біз үйренеміз» атты челленджін бастап кетті.
Мектеп-лицейден аталмыш челленджге алғашқы болып 6 «В» сынып оқушысы Жүсіпбек Айбек өз ата-анасымен қатысып, үй тапсырмасын орындаудағы отбасылық тәжірибесімен бөлісті.
Бала тәрбиесіндегі әке рөлінің нағыз үлгісін көрсеткен Жүсіпбек Айбектің әкесі Жүсіпбеков Кабиденге мектеп ұжымы атынан алғыс білдіреміз!
Мектеп, оқушы, ата-ана – үштігін ұйымдастыруда 6 «В» сынып жетекшісі Талдыбаева Шарқия Аманқұлқызының еңбегі орасан.
Құрметті ата-аналар! Челленджге қатысамыз!
Балалармен бірге оқуға асығыңыз! Сіздердің балаға арнаған әр уақыттарыңыз – баға жетпес отбасылық құндылық.
Біз сіздерден ата-ана тәрбиесіндегі ең құнды және ерекше тәжірибе күтеміз.
https://www.facebook.com/guljan.tuleuova/videos/1240980322937799/
https://www.facebook.com/guljan.tuleuova/videos/1240980322937799/
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
