Коронавирустың таралуын алдын алу жұмыстары
14.03.2020Құрметті ата-аналар!
Коронавирустың таралуын алдын алу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, барлық қазақстандық мектептер 16 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін каникулға шығады. Сабақ 6 сәуір күні басталады.
Каникул кезінде келесі ұсыныстарды ескерулеріңізді өтінеміз:
1. Балалардың көпшілік топталған жерлерге баруын шектеу (Сауда ойын-сауық орталығы, қосымша үйірмелер, секциялар, клубтар және т.б.);
2. Қала шегінен тыс жерлерге шығуын шектеу.
3. Баланың үйдегі бос уақытын қамтамасыз ету (әдебиет оқу, өз бетімен білім алу, және т.б.).
Мектеп сайтында 4 тоқсанда оқылуы қажет әдебиет тізімі орналастырылады. Артық дүрлікпе және үрей туғызбауды сұраймыз. Бұл алдын алу шаралары!
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
