Алғыс айту күні!

05.03.2020

Біздің елімізде көктем айының  1 наурыз күні «Алғыс күні» деп жарияланған.  №22  мектеп- гимназиясында  наурыз айының 3 жұлдызында  9 сыныптар  аралығында «Алғыс айту» мерекесі фестиваль түрінде өтті. Бұл іс-шараға қатысқан: 9 «Б» сынып оқушылары украин елінің ұлттық киімін киіп ,әнін ортаға салды, 9 «В» сыныбы елімізге деген өз ризашылықтарын өлең ретінде білдірді, 9 «Г» сынып оқушылары «Микс»  биімен  барша көрермендерді куанта алды, 9 «Д» сыныбы  оқушыларының онері көрермендердің көңілінен шықты, 9 «Ж» сыныбы  қазақ ұлттық киімін киген топ қыздары  «Қамажай» биімен барша  көрермендерді таң қалдырды, Алпысбекова Томирис әдемі  әнімен  және Гулиев Талех  кавказ биімен 9 «З» сыныбы  атынан осы мерекеге орай өнерін көрсетті. 9  «Е» сынып қыздары «Спасибо вам учителя» атты әнін дайындады.
  Өз өнерлерін  сахнаға шығарып ортаға салған окушыларымен бірге ниеттерин білдірген сынып жетекшілері  және  үйретуден  жалықпаған мұғалімдерге де мың  алғыс. Біздің еліміз әрқашан  бірлікте болып, бейбітшілік аспанымызда  көк туымыз желбірей берсін!

  

  



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено